Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құдайбергеновтың су жаңа бейнебаянына тыңдармандары оң бағасын берді (видео)

Әнші Ерболат Құдайбергенов жеңіс мерекесіне арнап тыңдармандарына тосынсый ұсынды. Рухты әндердің патриоты бұл жолы бейнебаянын “Жауынгер” атты әнге түсірген.

image

Фото: instagram.com/erbolatkudaibergen/

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Отандық бағдарламалардың бірі Ерболат Құдайбергеновтің жұлдыз ауруына шалдығып, журналистермен тіл табысудан қалғанын айтқан болатын. Өнерлі отбасында тәрбие алған әнші жаңалықтарымен енді өзі бөлісуге кіріскен-ді.

Әнші “Жауынгер” атты әнге түсірілген бейнебаянын ұсынды. Аталған ән 2015 жылы жазылған. Тыңдармандары әншінің жеңіс мерекесіне арнап дайындаған сыйын жоғары бағалап, шығармашылық табыс тіледі. Әзірге аталған туындыға халық тек оң бағасын беріп жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, 2013 жылы Ерболат Құдайбергенов мас күйінде көлік жүргізіп, тәртіп сақшыларына ұсталған. Сүйінбай көшесінің бойында болған жағымсыз жағдайдан кейін әнші көлік жүргізу куәлігінен айырылған. Сот отырысы ұзақ мерзімге созылып, киелі сахнадан алыстаған болатын. Араға біраз уақыт салып әнші тыңдармандарына қайта оралды.


Оқи отырыңыз:

Асхат Тарғынов жаңа бейнебаянымен жұртты таңқалдырды (видео)

Ерке Есмахан “асығыс” түсірілген бейнебаянының тұсауын кесті (видео)

 

Талқылау