Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Куба көшбасшысы Обаманы ыңғайсыз жағдайға қалдырды (видео)

Пресс-конференцияда АҚШ президенті Барак Обама қол алысқан соң Куба көшбасшысы Рауль Кастроның иығынан қақпақшы болады, алайда Кастро оған бұлай жасауына мүмкіндік бермейді.

image

Бұл туралы  Business Insider хабарлады.

YouTube желісіне жарияланған видеодан иығынан қақпақшы болған Барак Обаманың қолын Рауль Кастроның итеріп жібергенін көруге болады.

Кубаға келген Обама екі елдің арасындағы қарым-қатынас бірден өзгеріп кетпейтіндігін мәлімдеген.

Жексенбі күні Обаманың ұшағы Хосе Марти атындағы әуежайға келіп қонған. Бұл аталған елге 88 жылдан бері АҚШ президентінің алғаш келуі. Обама Кубаға екі елдің арасындағы қарым-қатынасқа жаңа серпіліс беру үшін келген. Мұнымен қатар, Обама Фидель Кастромен кездеспеуді жөн көріпті.

Естеріңізде болса Барак Обаманың комедиялық роликке түскені туралы жазған болатынбыз.

Талқылау