Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қуат Найман: Ешкім танымайтын “Алаш прайд” клубы менің арқамда танымал болды (видео)

Жұртшылыққа “Найман” деген лақап атпен танымал, аралас жекпе-жек өнерінің майталманы Қуат Хамитов бүгінде төрт дүркін әлем чемпионы деген атақтың иегері. Спортшы елімізде спорттың осынау түрінің дамуына менің сіңірген еңбегім орасан дейді, деп хабарлайды Stan.kz.

Найман 3

Фото: prosportkz.kz

WBK тұжырымдамасы аясында қарсылас шақ келтірмейтін Қуат Хамитов, түрлі тележобаларға қатыса жүріп, шеберлігін шыңдапты.

“Мен “Алаш прайд” клубына келмей тұрып, түрлі тележобаларға қатысып жүріп танымал болғанмын. Басында ол клубты ешкім танымайтын. Оның атағы жер жарған “Алаш прайд” болуына мен үлесімді көп қостым деп айта аламын. Өйткені ол кезде Қазақстанда менің деңгейімдегі, мен сияқты танымал спортшылар болған жоқ”, – дейді Қуат.

Қуат Найман әлі де болса елімізде өзімен жекпе-жекке шығуға батылы жететін спортшы жоқ деп есептейді. Өйткені, “Қазақстанда әлі бір спортшы мен кездескен қарсыластар сияқты мықтылармен шайқасып көрмеді” дейді.

Бірақ Хамитовпен кездесуге қауқарым жетеді дейтін спортшылар да табылды. “Алаш прайд” клубының мүшесі Темірлан Айсәділов оның атағынан еш именбей, сегіз бұрыштың ішінде айқассам дейді.

“70 келі салмақта Қуат Найман, Бейбіт Назаров сынды мықтылар. Егер осы жігіттер шаршы топқа шақыра қалса, шайқасуға дайынмын”, – дейді Темірлан.

“Алаш прайдты” мен танымал қылдым деген Қуаттың сөзіне, аталмыш клубтың президенті Данияр Қасқарауов мүлде келіспейді.

“Қуат біріншіден, ой-өрісі төмен жігіт. Балалар біледі, ол біздің клубқа келген кезде шетелге бірде-бір рет шықпаған бала еді. Мен оны Жапония, Англия, Қытай, Үндістанға алып барып, Таиландқа оқу-жаттығу жиындарына жібердім. Бірақ, қазіргі уақытта ол баланың жеті жеңілісі бар. Ондай жеті жеңіліске ұшырап отырып, клуб маған көмектеспеді, қиянат жасап отыр деуі бекер”, – дейді клуб президенті.

Оқи отырыңыз:

Футболдан Қазақстан құрамасы 17:0 есебімен ұтылды

Италиялық футболшы футбол тарихындағы алғашқы жасыл қағазды алды

Екі дүркін олимпиада чемпионы педофил деп айыпталды

Талқылау