Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қуат көзіне қосулы тұрған телефонмен сөйлескен қыз қаза тапты

Ресейде қуат көзіне қосулы тұрған ұялы телефонмен сөйлескен сегіз жастағы қызды ток ұрып, көз жұмды.

1521332

Фото: Еркен Салихов

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

“18 ақпан күні кешкілік Ұлы Новгород қаласындағы пәтерлердің бірінен сегіз жасар қыздың денесі табылды. Одан зорлық белгілері байқалмаған. Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр”, – деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Алдын ала деректер бойынша, қыз электр көзіне қосулы тұрған телефоннан қатты ток соққысын алған. Көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, қыз оқиға орынында көз жұмады.

Оқи отырыңыз:

Қарағандыда саңырау анасы 2 жасар қызының ыстық суға құлап кетіп көз жұмғанын байқамаған

Оңтүстік Қазақстан облысында егде ерлі-зайыптыларды шауып тастаған

Ұлы анасын күрекпен ұрып, ауласына тірідей көміп тастаған

Автобус әйелді бірнеше метр жерге дейін сүйреп кетті (видео)

Талқылау