Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қуаныштан өңешін жыртқан исландиялық комментатор жұмыстан шығарылды

Еуропа-2016 чемпионатының топтық кезеңнің үшінші тур кездесуінде өз командасы Австрия қақпасына жеңіс голын соққан кезде қуанғаннан өңешін жыртып, танымал болған исландиялық коментатор Гудмундур Бенедиктссон жұмысынан шығып қалды.

icelandic-commentator

Бенедиктссон «КР Рейкьявик» футбол клубы бас жаттықтырушысының көмекшісі қызметін атқарып келді. Оның командасы барлық турнирлердегі соңғы алты матчтың бесеуінде жеңіліс тауып, осыдан соң клуб басшылығы бас жаттықтырушы Бьярни Гудьонсенды орнынан босатты. Онымен бірге Бенедиктссон де жұмысынан кетті.

Исландия мен Австрия арасындағы кездесу сәрсенбі, 22 маусымда, Париж маңындағы Сен-Денидегі «Стад де Франс» стадионында өтіп, 2:1 есебімен исландиялықтар жеңіске жеткен болатын.

Өңешін жыртып алғанын Бенедиктссон матчтан соң өзі айтқан.

Естеріңізге сала кетейік, Исландия құрамасының соққан голы үшін қуанған комментатор бар дауысымен айқайлаған болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Бельгиядан ұтылған Венгрия футболшылары жанкүйерлерімен қоштасты

Футболдан Португалия құрамасы Хорватияны санаулы соңғы минуттар қалғанда ұтып кетті

Талқылау