Алғыс білдіру үшін үлкен жыландарды саябаққа жібере салған ер адам түрмеден бір-ақ шықты

Қытайдың Хунань провинциясында ер адам қоғамдық саябаққа улы емес үлкен екі жыланды жіберген. Осылайша ол ұлының жоғары оқу орнына түскені үшін алғыс білдіргісі келіпті.

Қуанғанынан үлкен жыландарды саябаққа жібере салған ер адам түрмеден бір-ақ шықты

Бұл туралы The Global Times басылымына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Нәтижесінде 49 жастағы ер адам қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін тұтқындалды. Ендігі Лю 5 тәулік қамауда отыратын болады.

Людің сөзінше, әрқайсының ұзындығы шамамен 1 метр болатын жыландарды базардан 385 юаньге (20 мың теңгеден аса) сатып алған. Мұнан кейін ол жыландарды Чандэ қаласындағы Бинху саябағына алып келіп, еркіндікке жіберген. Салдарынан жергілікті тұрғындардың көбі саябаққа баруға қорқып қалған.

Өз кезегінде саябақ қызметкерлері жыланның біреуін ұстап алғанын мәлімдеді. Алайда екіншісі әлі де еркіндікте жүр. Саябаққа келушілерден ағаштар мен жасыл желектердің жанында жүрмеу сұралған.

Өлтірілуі тиіс жануарларды еркіндікке жіберу – биддизмдегі  дәстүрлердің бірі. Әдетте жануарларды ферма немесе базардан сатып алып, дұға айтып тұрып еркіне жібереді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар