Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қуандық Рахым әнші болғалы қалаған қызға қол жеткізе алатынын айтты

Әнші болғалы Қуандық Рахымға қыздармен сөйлесу, оларды өз дегеніне көндіру оңай. Бұған қарап, өнер иесі қыздардың ойынан күдіктенеді. Ал бүгінде сүйіктісі жоқ сері үйленгісі келіп жүргенін жасырмайды.

Қуандық Рахым әнші болғалы қалаған қызға қол жеткізе алатынын айттыБұл туралы Қуандық Әйгерім Сейфолланың “Сырласу” бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.

“Қазір қыздармен сөйлесу оңай. Соған қарағанда, қыздардың неге қызығатынын білмеймін. кез келген өзім ұнатқан қызға бірінші жазып, ұсыныс тастайтын болсам, келісіп жүр.

Дәл қазіргі уақытта қызым жоқ. Осы ән айта бастаған аралықта сөйлескен қыздарды айтамын”, – дейді Қуандық.

Әнші мектеп кезінде бір қызды құлай сүйгенін жасырмайды. Айтуынша, ол қыз да өзін жақсы көрген. Тек бүгінде ол бойжеткен өзге шаңырақтың түтінін түтетіп отырған көрінеді.

Бұдан өзге, Қуандық әнші болу оңай, табыс та жеңіл келеді деп ойлайтындарға жауап берді.

“Негізі оңай емес. Тоқтар Серіков ағамыз Шымкентке барған бір сапарында: – Сендердің уақыттарыңда әніңді хит қылу, сытылып шығу немесе өзіңді керемет танымал қылу қиын. Өйткені қазір күніне 5 жаңа әнші, 10 жаңа ән шығып жатыр. Сендерге өте қиын. Соның арасынан өздеріңді көрсете алып, тыңдата алып жүргендеріңе ризамын, – деген еді. Негізі рас. Ол кісілердің заманында әнші де, ән де аз болды. Қазіргі заманда өте көп”, – деді ол.

Қуандық өнерде жүрген азаматтардың ішінде кімді өзіне бәсекелес санайтынын да айтып өтті.

“Қайрат Нұртас, Төреғали, Ернар Айдар, Нұрболат Абдуллин, Әбдіжаппар Әлқожа. Бәсекелес демей-ақ қояйын, бірақ осылардан қайткен күнде қалып қолмауым керек деген ой болады. Бірақ ішімде оларды жек көру, не болмаса көре алмау деген жоқ, Алла сақтасын. Бірақ бәйгеде өзіңнің алдыңда кетіп бара жатқан атты қызғанба, жек көрме, өз атыңды қамшыла дейді ғой. Сол сияқты өз атымды қамшылап жүрген адаммын. Біреу хит шығарса, ұйықтамай, ән іздеп кетемін. Сондай танымал деңгейде ән жазуым керек деген ойлар болады”, – деп ағынан жарылды Қуандық.

Сонымен қатар, әнші бүгінде Алматыда пәтер жалдап тұрып жатқанын, жеке баспанасы жоқ екенін, алайда үй салуға ниеттеніп жүргенін айтты. Ата-анасын көшіріп алғысы келетінін, алайда ол кісілердің ағайын-туыстан жыраққа кеткісі келмейтінін тілге тиек етті.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

 

Талқылау