Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді
Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді. Бұл туралы Астана прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлайды.
“14 қазан күні қала прокуратурасы қылмыстық істі Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық сотына жіберді. Аталған іс бойынша тергеу деректері ҚР ҚК 201 бабына сәйкес жария етілмейді”, – деп хабарлады Астана прокуратурасының баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Қуандық Бишімбаев 12 қаңтардан бері бірнеше рет пара алды және Қызылордадағы шыны зауытының құрылысына бөлінген 1 миллиард теңгені жымқырды деген күдікпен қамауда отыр.
Тағы да оқыңыз:
Осындай жауап бола ма?: Нығматулин қаржы министріне шүйлікті
Тәңірберген Бердоңғаров қазақ-қырғыз шегарасындағы жағдайды айтып берді
Мәжіліс төрағасы министрге: Президент тапсырма берді, ал сіз керісінше істеп жатырсыз
Талқылау