Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Куәгерлер қанішер-бала бағушының «Октябрьское поле» метросы маңындағы мінез-құлқы жайында баяндады (видео)

Жас баланың өліміне күдікті ретінде қамауға алынған әйел өзін полиция қызметкерлері ұстап алмастан бұрын мәскеулік «Октябрьское поле» стансасының маңында 20 минут шамасында әрлі-берлі жүрген. Бұл туралы РИА Новости ақпарат көзіне куәгерлер хабар берді.

pic_39ad17ad58fc071bc04ac4656823e000

Күдікке ілінген әйел полицейлер ұстамай тұрып, мәскеулік «Октябрьское Поле» метросының маңында 20 минуттай жүрген.

“Ол метро маңында қызыл пакет ұстап, айқайлап жүрді. Одан бәрі қорқып қасына бармады”, – дейді куәгерлердің бірі.

Ал агенттік сұхбаттасының сөзі бойынша, қолына баланың басын ұстаған қанішер әйел сауда ортылығын бойлай жүріп, «Аллах акбар!» деп айқайлаған. Бірнеше минутан соң келіп жетіп, әйелді тұтқындамақ болған полиция қызметкерлеріне олар жақындаған жағдайда өзін-өзі жарып өлтіретінін ескерткен. «Ол жерге олардан өзге полиция қызметкерлері келіп, жаяу жолды жауып тастады. Қанішер әйелге өзгелерді маңайлатпады, өздері де жақындамады. Артынша басқа да полиция қызметкерлері келіп, ақыр соңында оны ұстап алды»,- дейді куәгер.

Жуық арада тергеу қызметі ұсталған Өзбекстан азаматшасы Гүлчехра Бобокулованы қамауға алуын сұрайтынын құқық қорғау органдарының ақпарат көзіне сілтеме бере отырып ТАСС хабарлайды. «Оның ақылға қонымсыз іс-әрекеттері ақыл-есі ауытқығанын аңғартады»,- дейді агенттік өкілі.

БАҚ мәліметтері бойынша, тергеу барысында Бобокулова өз әрекетінің себебін күйеуінің көзіне шөп салуымен түсіндірді. Бірақ күйеуінің опасыздығының өзі бала күтушісі болып жұмыс істеген отбасыға қандай қатысы бар екенін түсіндіріп бере алмады.

Естеріңізге сала кетсек, ақпанның 29 жұлдызында қанішер әйел «Октябрьское Поле» метро стансасы маңында тұтқынға алынды. Тұтқынға түспес бұрын хиджаб киген Бобокулова қолына баланың басын ұстап, өзін-өзі жарып өлтіретінін айтып сес көрсеткен. Дәл осы күні Бобокулова өзі бала күтушісі болып қызмет еткен үйдің кішкентай баласын өлтіріп, қылмыс орын алған пәтерді өртеп жіберген. Аталмыш жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Мәліметтерге сүйенсек, Бобокулова бұл әрекетін күйеуінің көзіне шөп салғанымен түсіндірген. Алайда, өзі бала күтушісі болып жұмыс істеп жүрген отбасымен күйеуінің қандай қатысы бар екенін анықтап айтып бере алмаған.

Көршілерінің айтуынша, өрт болған үйдің тұрғындары пәтер иелері емес, оны жалдап тұрушылар болған.

Мамандар өрттің қолдан жасалғанын анықтаған.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, 39 жастағы Орта Азия тумасы пәтер жалдап тұрушы тұрғындардың бала күтушісі болып жұмыс істеген. Ата-анасы үлкен ұлына кеткенде, әйел кіші баланы азаптап өлтірген.

Қазір осы оқиға бойынша РФ ҚК “Жасөспірімді өлтіру” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр.

Өрт кезінде баланың басы табылмаған. Оны әйел өзімен бірге алып кеткен. Ал, күдіктіні табу қиынға соқпапты.

Әйелдің ерсі әрекеттеріне қарап, тергеушілер оны сот-психологиялық сараптамадан өтуге жіберген.

РФ ҚК сәйкес қорғансыз күйдегі жасөспірімді өлтіргені үшін кінәлі адамды 8 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін.

Сот кінәліні айыпты деп таппаса, ол мамандандырылған психатриялық ауруханада емделетін болады.

Талқылау