Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Куәгерлер Алматыдан БТР көліктерін байқап қалған

Алматылықтардың айтуынша, қаладағы террорға қарсы операцияның өткізілуіне байланысты шаһарға БТР көліктері кіргізілген.

10381480

Фото: newskaz.ru

“Сейфуллин мен Төле би көшелерінің қиылысында бір БТР танкісі және әскери адамдар тиелген бір жүк көлігі кетіп барады. Көлік Сейфуллин көшесімен жоғары қарай бағыт алған”, – дейді куәгерлер.

Бұған дейін хабарланғандай белгісіз ер адам Николь базарында атыс жасаған еді. Атыстан полицейлер ауыр жараланғанын хабарлаған едік. Алматының бірнеше аудандарында атыс дауыстары естілгенін де хабарлаған болатынбыз. Алматыдағы атыстан жараланғандар лек-легімен ауруханаға түсіп жатыр. Алматыдағы террорға қарсы операция:қалалықтардың үйлерінен шықпаулары қатаң ескертілді.

Сондай-ақ, тәртіп сақшыларына оқ атқан күдіктінің бірі қолға түскенболатын. Сәйкесінше, қалада террорлық қауіптіліктің “қызыл” деңгейі белгіленді.

Талқылау