Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Куәгер сот отырысында Әблязов туралы: Мұхтар – қорқынышты адам

Таразда банкир Мұхтар Әблязовтің ісіне қатысты сот отырысы өтуде. Ол «ТұранӘлем» банкінің бұрынғы басшысы Ержан Тәтішевті тапсырыспен өлтірді деп айыпталуда, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Мұхтар Әблязов

Сот отырысында бизнесмен Талғат Сейітов Мұхтар Әблязов үшін қомақты көлемдегі сомалар қолма-қол ақша түрінде алынып отырғанын айтты.

Куәгердің сөзінше, ол 1992 жылы «Астана Холдинг» компаниясының еншілес компаниясы «Астана Медсервистің» басқарушысы болған. Ол мекемеге Әблязов иелік еткен екен.

Куәгер Әблязовпен бүгінде қайтыс болған ағасы Асхат Сейітовтің көмегімен танысқан. Алайда ол бұл қызметінде ұзақ болмапты. Арада 6 ай өткеннен кейін Әблязовпен қаржы мәселесі туралы келіспеушілік туындап, орнын босатқан.

Оның ағасы да олигархтың «Астана Индекс» фирмасында жұмыс істепті. Ол өзінің директорлық қызметінде қалған.

Талғаттың сөзінше, қаржылық операциялардан бөлек, компания офшорлық компаниялар арқылы ірі көлемдегі соманы қолма-қол ақшаға ауыстырумен айналысқан. Осылайша, 2000 жылы 500 мың доллардан 2 миллион долларға дейін жеткен. Артынша ол ақшаны «БТА» банкіне жіберіп отырыпты.

«Мұхтарға ақша керек болғанда, оны «кэш» деп атайтын, ол Асхатқа қоңырау шалып, керек сомаға тапсырыс беретін», – дейді Сейітов.

Бұл қызмет үшін жалпы сомадан 1 пайызы беріледі екен. Бастапқыда ақша оффшорға шығарылған. Артынша «Астана Индекстің» бұрынғы басшысы ақшаны Әблязовке өзі немесе бас есепші Елена Тутик арқылы беріп отырған.

Сейітовтің бұл сөзін «Астана Индекс» фирмасының бұрынғы бас есепшісі сот отырысында растады.

Бас есепшінің сөзінше, ол компанияда жұмыс істеген кезде, басшы Асхат Сейітов кей адамдардың, тапсырысы бойынша қолма-қол ақша алып отырған. Тапсырыс берген адамдардың ішінде Әблязов та болған. Бас есепші бұл туралы білгенімен, өзінің қатысы болмаған.

Өз сөзінде Елена Тутик түрлі көлемдегі сомаға тапсырыс берілгенін айтты. Бұл сома 100-600 мың доллардан 2 миллион долларға дейін жетеді екен.

Тіпті бір кездері компания бір апта бойы өзінің барлық ақша айырбастау орындарынан 2 миллион доллар жинаған екен. Олар Әблязовқа берілуі тиіс болыпты. Десе де куәгер мұндай көлемдегі ақшаның қандай мақсатта қажет болғанын білмейтінін айтты.

Сот отырысында қайта сөз алған Талғат Сейітов өзінің марқұм ағасынан Ержан Тәтішевтің өліміне Әблязовтің қатысы барын естігенін айтты.

«2004 жылдың желтоқсан айында, Ержан Тәтішевтің өлімінен шамамен 1 апта өткенде, Асхат маған: «Муха (ред. Мұхтар Әблязов) – қорқынышты адам. Ол оны (ред. Ержан Тәтішев) өлтіруге тапсырыс берді. Егер ол өз досын өлтірсе, мұнан кейін кім болғаны», – деді. Тәтішевтің өлімінен 2 айт өткеннен кейін де Асхат пен оның кәсібі бойынша серіктесі Ерлен Ержанды өлтіруге Мұхтардың тапсырыс бергенін айтты», – дейді Сейітов.

Куәгердің сөзінше, марқұм ағасы Әблязовке Тәтішевтің банктегі үлесін бермей отырған ұнамағанын айтқан. Артынша ол «БТА» банкінің бұрынғы басшысының қайтыс болғанын естіген.Сейітовтің пікірінше, Тәтішевтің өліміне Әблязовтің тікелей қатысы бар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау