Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оқиға куәсі: №7 аурухана қызметкерлері мен науқастар қауіпсіз аймаққа көшірілді

Алматыдағы №7 қалалық клиникалық аурухананың қызметкерлері мен емделушілері қауіпсіз аймаққа көшірілген.

аурухана

Алматыдағы Қалқаман ықшам ауданында орналасқан қалалық клиникалық №7 ауруханасында жұма күні таңертең азаматтардың барлығын қауіпсіз аймаққа көшіру жұмысы жүргізілген. Бұған себеп белгісіз азамат «аурухана ғимаратына жарылғыш бомба қойылды» деп хабарласқан.
Бұл туралы сол жерде ем қабылдап жүрген азамттардың бірі әлеуметтік желідегі парақшасына жазған.

«Бізге Қалқаманда бомба бар деп түсіндірді. Барлық науқастарға тез арада далаға шығу бұйырылды. Ақсаңдап шықтық»,- деп жазған емделушілердің бірі.

Қазірге болған жайт бойынша ешқандай ресми мәлімдеме жасалмады.

 

Талқылау