Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҚТҚЖБ шотындағы әрбір тиын маңызды рөл атқаруы мүмкін

Биылғы жылдың ақпан айында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» салымшыларына өтемақы төленуі қарастырылған қосымша келісім шартқа қол қою рәсімі басталған еді.

b2dad0459588cd4fc739612b9b878d2e_XL

ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың және Банк басшылығының сөздерінен 2015 жылдың 18 тамызында ашылған депозит сомасының 35,5%-ы қайтарылатыны белгілі болды (Ұлттық валютаның құнсызданған күні). Дүйсенбі күні ҚТҚЖБ өтемақы алу жөніндегі қосымша келісім шартқа тек 110 мың салымшыларыныңғана қол қойғанын хабарлаған. Депозит иелерінің белсенділік танытпауының себебі неде? Халықтың мемлекеттік бағдарламаның қолжетімділігіне сенуден қалып, ұлттық валютаға сенімсіздік танытқаны ма? Әлде өтемақы алу мүмкіндігі жайынан салымышылардың хабардар болмағаны ма?

Ботагөз Жұманова – «Қаржылай тәуелсіздік» қоғамдық қорының қамқорлық кеңесінің басшысы

«Коммерциялық банктерді қазіргі уақытта ипотека қызықтырмайды. Олар ипотеканы төлем төлеуге қабілеті жоғары клиенттеріне ғана береді. Осы себепті тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесі тұтынушылардың қалың бұқарасы үшін тұрғын үй мәселесін шешудің жалғыз мүмкіндігі болып тұр.«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» қаржылық ипотекалық өнімдер нарығында нөмірі бірінші ойыншы ретінде көрінуінің себебі жоғарыда аталған мәселеге байланысты.

2015 жылдың қаңтар-қараша айларыныңқорытындысын 2014 жылдың дәл осы мерзімімен салыстырғанда, биылғы жылы соңғы 5 жылдық ішінде ҚР-дағы ипотекалық несие беру мөлшері 5%-ға төмендеген.

Бұл жайды ескерсек, тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесі ұсынған кредиттеу бағдарламаларының халыққа тұрғын үй мәселесін шешудің жалғыз ғана мүмкіндігі екені белгілі. Аумағы 34,6 шаршы метрді құрайтын бір бөлмелі пәтерді иелену үшін, статистика бойынша орта мөлшерде жалақы алатын қазақстандық 5,5 жыл бойы жалақысының 21% мөлшерінде салым салып отыруы тиіс. Белгіленген уақыттан соң банк салымшыға тұрғын үйді сатып алу үшін несие береді. Мұнан кейін 10 жыл бойы төленетін ай сайынғы төлем сомасы жалақының 14%-дық мөлшеріне дейін төмендейді. Несие бойынша салымдардың жалпы сомасы пәтер құнының 109,5%-ын құрайды.

Ал өтемақы берілуі мәселесіне тоқталсақ, бұл клиенттерге валютаның құнсыздану салдарынан жоғалтқан сомасының біраз бөлігі қайтарылатын мемлекет тарапынан жасалған тамаша мүмкіндік.

Қазақстандықтар аталған бағдарламаға сенуден қалды деп айта алмаймын. Клиенттердің басым бөлігі қосымша келісім шартқа қол қоймағандығы ақпарат жетіспеушілігі себепті. Меніңше, ҚТҚЖБ барлық ақпарат құралдарын іске қоса алады. Ең болмағанда, клиенттердің сауалнамалық мәліметтерінде олармен байланысу мүмкіндігі қарастырылған ұялы телефон нөмірі, мекен-жайы сынды барлық ақпарат көрсетілген. Оларды құлақтандыру мақсатында тікелей байланысқа шығуға болады.

Салымшылардың белсенділік танытпауының тағы бір себебі, салымшылардың жинақ сомасындағы қаражат мөлшерінің аздығынан, берілетін өтемақының айтарлықтай маңыздылыққа ие болмауы мүмкін. Берілген мүмкіндікті қолдана бермейтін адамдар қашан да болған».

Ranking.kz талдаушысы Асқар Майлыбаев

Биылғы жылы ҚТҚЖБ-де ұсынылатын мүмкіндіктер аясы былтырғы жылға қарағанда анағұрлым кеңейген. Біріншіден, Мемлекет басшысы тұрғын үй құрылыс жинағына 149 миллиард теңге, тұрғын үй құрылысына 127 миллиард теңге, тұрғын үй құрылыс жианғы жүйесінің салымшыларын кредиттеуге 22 миллиард теңге бөлуді тапсырды. Екіншіден, жыл басында ҚТҚЖБ жыл сайын 350 шаршы метр тұрғын үй құрылысы жүргізілетін «Өз үйім» дағадарысқа қарсы бағдарламасын қабылдады. Бұл жерде салымшалардың мүмкіндігі кеңейгенін түсіну керек. Сонымен қатар, 2016 жылдың шілдесі мен 2017 жылдың қазан айларында екі траншпен берілетін өтемақы көлемі 609 миллиард теңгені құрайды. Бұл нені білдіреді? Әлеуметтік тұрғын үйлерді үлестіру барысында салымшылардың баспанаға иелену мүмкіндігі артады. Сондықтан өтемақыны ескермеудің қажеті жоқ еді. Мұнда әр тиынның да маңызды рөл атқаратынын айта аламын.

Қосымша келісім шартқа қол қою процесі күрделі демеймін. Қосымша келісім шартқа қол қою барысында клиент өзімен байланысуға мүмкіндік беретін мәліметті жандандыра алады. Бұл банкке клиенттеріне салымдары мен қарыздары жөнінде қызықтыратын шарттар ұсынуға мүмкіндік берер еді.

BI Group талдау бөлімінің маманы

Біріншіден, ақпараттық қолдаудың жетіспеушілігі себепті, салымшылардың жеткілікті түрде хабарландырылмағаны анық. Екіншіден, салымшылар мұны әдеттегі бюрократтық қағазбастылық деп санайды. Аталған мәселенің екеуі де тосқауыл емес пе? Ал үшіншіден, барлығы да берілетін өтемақы мөлшеріне байланысты. Біреулер үшін салымның 35% пайызы үлкен сома болса, кей адамдар үшін олай болмауы мүмкін. Берілетін өтемақы мөлшері әлдекімдерді қосымша келісім шартқа қол қоюға ынталандырса, бәз біреулер аздаған сома үшін әуре-сарсаңға түскісі келмейді. Мысалы, салым 60 000 теңгені құраған жағдайда, 20 000 теңге мөлшеріндегі өтемақы салымышыны қосымша келісім шартқа қол қоюға ынталандырмауы ықтимал. Ал мемлекеттік бағдарлама жөнінде айтар болсам, дәл осы жағдайда адамдар оған аса қатты мән береді деп ойламаймын. Басты себеп жоғарыда атап өткен тұрмыстық мәселелерде болса керек. Теңге турасында айтарым, ұлттық валютаға деген сенім күннен-күнге артып келеді: мемлекеттік бағдарлама жасалып, құрылыс салушылар толықтай теңгеге бет бұрды. Оған қоса, бағаны доллармен белгілеуге заңмен тыйым салынды (барлық жерде емес).

Талқылау