Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

КТК телеарнасының бас директоры ауысты

КТК телеарнасының бас директоры ауысты. Бүгінгі күннен бастап арнаны Эльмира Жамилова басқарады. Бұл туралы арнаның ресми сайты хабарлады.

20161017142407

Ол бұған дейін бас директордың орынбасары қызметін атқарған. Телеарнада 9 жылдай қызмет атқарып, арнаның даму бағыттарын айқындауға атсалысқан. Оған дейін ұзақ уақыт “Хабар” арнасында басшылық қызметтер атқарып, тәжірибе жинаған.

Бұған дейін бас директорлық қызметті Қанат Сахариянов атқарған болатын. 2014 жылы арнаны ұзақ уақыт басқарған Арман Шураев өз қызметінен кеткеннен кейінгі бұл үшінші басшы.

Талқылау