Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

КСРО-дан Австралияға дейін жүзіп барған даяшы қыз қалай танымал модельге айналды (фото)

1979 жылдың қаңтар айында Синдейге жақын маңдағы жағажайлардың бірінде қызыл бикини киген қыз жұрт назарын аударды. Бір қарағанда ерекше түгі жоқ, қатардағы 100 қыздың бірі. Алайда бұл қыздың түрі абыржыңқы әрі өзі ағылшынша сөйлей алмайтын.

Бұл туралы bizgpicture.ru-ға сілтеп Stan.kz хабарлайды.

Бойжеткен бірінші кезіккен адамнан көмек сұрап, ыммен полиция бөлімшесіне баруы керектігін түсіндірген. Ондағылар Лилиана Гасинскаяның кемеден қашып кеткенін әрі саяси баспана сұрап отырғанын анықтапты.

Кеңестік круизды лайнер Пирмонт шығанағында тұрған. Күн қарасы батқанда даяшы Лиля Гасинская заттарын қалдырып, қашып кеткен. Жағаға дейін шамамен 40 минутта жүзіп барған. Кемедегілер оның жоқтығын байқаған соң, кеңестік елшілікке хат жолдаған-ды. Қанша тырысқанымен, олар қызды таба алмады. Себебі бойжеткенді жергілікті газет қызметкерлері жасырып қойыпты.

КСРО бұл оқиға туралы ақпарат таратпады, есесіне Австралияда Лиля нағыз жұлдызға айналды. Оның суреттері барлық жергілікті газеттерде жарияланды. Құрлыққа келген кездегі түрін көрген журналистер оны “қызыл бикинидегі қыз” деп атап кетті.

Барлық БАҚ өкілдері қашқын қыздан сұхбат алуға тырысты. Билік Лилидің тағдырына қатысты шешім қабылдағанша, Daily Mirror газетінің қызметкерлері қызды құпия жерде ұстап отырды.

Аталған басылымға берген сұхбаттарының бірінде 18 жастағы қыз не себепті қашуға мәжбүр болғанын әңгімеледі.

«Коммунизмнің не екенін және оның негізгі мақсаты не екенін түсінген кезде жасым 14-те еді. Айналамның өтірік пен насихатқа толы екенін аңғарып, барлығын жек көре бастадым. Неге Австралияға қаштым десеңіздер, журналдан осы елдің суретін көріп, жер бетіндегі ең әдемі жер деген ойға қалдым”, – дейді ол.

Бір қызығы, Гасинскаяға саяси қашқын “мәртебесі” берілді. Сол сәтте оппозиция билікке қарсы шықты. Оларға бикини кигеніне қарап “қашқын” деп атағаны ұнамады. Ол шақта тіпті, Австралияда туыстары бар адамдарды кері қайтаратын.

Коммунистік режімнен қашып, өзге елде еркіндік алғысы келетінін жар салып жариялағанымен, бұл қызды ешкім де диссидентке ұқсатпады. Ал оның панаға мұқтаждығына сену қиын болды. Себебі қыз кеңес дүкендерінен шаршағандықтан, КСРО-дан қаштым деп мәлімдеген болатын. Алайда өз елінде не себепті қуғынға ұшырағанын қыз түсіндіре алмады.

Австралияда ұзақ уақытқа қалуды көздегендіктен, Лиляның жұмыс іздеуіне тура келді. Ол көп ойланбай жеңіл жолды таңдады. Эротикалық Penthouse журналымен 15 мың долларға келісім-шартқа отырып, жалаңаш суретке түсті.

Авантюрист әйел жеке өмірін де тез арада реттеп алды. Алғашқы сүйіктісі-газет фотографы Лиля үшін отбасын тастап кетті. Ал 1984 жылы ол австралиялық миллионер Ян Хайсонға тұрмысқа шықты. Жұп алты жылдан кейін айырылысып кетті, бұдан кейін Лиляның қайда екенін ешкім білмеді. Әйтеуір Австралиядан кеткені, шамамен Англияға қоныс аударғаны белгілі болды.

Ал Гасинская қашып кеткен “Леонид Собино” Гасинская қашып кеткеннен кейін қудалауға ұшырады. Жұрт оны экипаж мүшелеріне тәрбиелік көңіл бөлмеді деп айыптаған.

Жіберіп алмаңыз:

Бельгияда оқушылар сабақты киіз үйде оқып жүр

Жынысын ауыстырған трансгендер дүниеге сәби әкелді

Салмағы шоколад тақтасындай сәби дүниеге келді, дәрігерлер оны аман алып қалды

Дәрігер: Трамп салауатты өмір салтын ұстанса, 200 жасқа дейін өмір сүреді

Талқылау