Ксения Собчак Алматының кептелісіне ренжіді

Жұма, 11 Желтоқсан , 2015 12:00

Алматыға жиі келіп тұратын ресейлік  танымал тележүргізуші желіде әуежайдан түскеннен екі сағат бойый жол кептелісінде тұрғанын жазды.

«Сіздерге Ликсутовұнамайды ма? Міне мен Алматыда қаланың ортасында, әуежайдан түскелі екі сағат болды қозғалыссыз тұрмын. Жүргізуші бұл жерде  күнделікті 4-5 сағат кептелісте тұру қалыпты жағдай екенін түсіндірді»,-деп жазады Ксения Собчак.

Ресейлік тележүргізушінің Алматыға келгенін естігендер парақшасындағы ренішіне пікір білдіре бастады. Бірі «Жүргізуші сіздің қасыңызда аялдағысы келіп тұр» деп әзілдеген.

Желі қолданушыларының арасында Мәскеу мен Алматының кептелісін салыстырғандар да табылды.

«5 сағат кептеліс? Ол өтірік. Мен жексенбі күні Алматыдан Мәскеуге ұштым. Онда бір айдай болғам. Ол жердің кептелісін Мәскеумен салыстыруға келмейді»,-деп жазады желі қолданушылардың бірі.

«Ия бізде жауын жауса болды көлік кептелісі бастала кетеді. Жолда 2-3 сағат тұрып қаласыз. Түсінбеймін, сол болмашы себеп неге үлкен мәселе тудыратынын»,-дейді тағы бір қолданушы.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар