Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Криштиану Роналдуды жалға алып онымен бірнеше сағат уақыт өткізуге болады

Неміс журналистерінің “Лас футбол бизнесі” кітабында мадридтік “Реал” мен Португалия құрамасының жұлдызы Криштиану Роналдуды бірнеше сағатқа жалдауға болатыны айтылған.

cristiano-ronaldo-e-cara-delevingne

Бұл жайлы Mirror жазады.

Танымал футболшымен бірге уақыт өткізу үшін 920 мың фунт стерлинг шамасында төлеу қажет.

Кітапта журналистер Михаэль Вулцингер мен Рафаэль Бушман, сондай ақшаны Multisports & Image Management фирмасы мен саудиялық Mobily компаниясының төлегенін жазады.

Роналду төрт жарым сағат бойы компанияда болып, фотосессия жасап, жейделерге қол қойып, басқа да іс-шараларға қатысқан. Сондай-ақ, компания оны бір күн бойы өз жарнамаларына да пайдаланған.

“Реалмен” отырған жаңа келісім-шартқа сәйкес Роналдудың айлық жалақысы 2 миллион евро. Оның королдік клубпен келісім-шарты 36 жасқа келген кезінде 2021 жылы аяқталады.

Оқи отырыңыз:

Футболшы 3 жасынан бастап кумир тұтқан әйгілі қақпашысына Чемпиондар Лигасында гол соқты (видео)

Головкин-Альварес жекпе-жегі Азия құрлығында өтуі мүмкін

Кішкентай бала футбол матчынан соң тікелей эфирге кіріп кетті (видео)

Головкин Канело туралы: Спаррингтегідей қызықсыз кездесу өткізді

Талқылау