Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Криштиану Роналду журналистің микрофонын өзенге лақтырып жіберді (видео)

Футболдан Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду өзінен сұхбат алуға келген журналистің микрофонын алып, өзенге лақтырып жіберді.

1398163801_ronaldu

Роналду ұлттық құрамадағы әріптестерімен бірге матч алдында Лиондағы жаттығу базасы жанында өзен жағасында серуендеп жүрген болатын. Футболшыдан сұхбат алмақшы болған Correio da Manhã басылымының тілшісі екен. Бұл басылым бұрын да футболшының жеке өмірі туралы жиі жазып, оның ашуына тиіп алған көрінеді.

22 маусым күні Португалия құрамасы топтық кезеңдегі соңғы кездесуін Венгрия құрамасына қарсы өткізіп, 3:3 есебімен тең түсті. Роналду бұл ойында дубль жасады. Енді олар плей-офф кезеңінде Хорватия құрамасымен кездеседі. Сонымен қатар, Криштиану қатарынан төрт Европа чемпионатында да (2004, 2008, 2012, 2016) гол соққан тарихтағы алғашқы футболшы.

Талқылау