Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Криштиану Роналду ұлымен бірге джинсы топтамасын шығарды

Әлемге әйгілі футболшы Криштиану Роналду тұңғыш ұлымен бірге джинсы-шалбарлар топтамасын шығарды. CR7 Junior denim collectio топтамасында ерлерге арналған жейде, джинсы шалбар, келте шалбар мен сырт киім бар.

Бұл туралы шетелдік басылымдар жарыса жазуда, деп хабарлайды Stan.kz.

Жаңа киім топтамасынан ересектерге және балаларға арналған киімдерді табуға болады. Үлкендерге арналған джинсылар 70 пен 140 доллар арасында, ал жасөспірім балаларға арналған бір киімнің құны шамамен 50 доллар тұрады.

Фанаттардың болжамынша, мұндай қадамға Криштиануды биыл отбасында орын алған өзгерістер итермелеген болуы мүмкін. Атақты футболшы биыл үш мәрте әке атанған болатын.

Айта кетейік, бұған дейін Роналду өзін дизайнер ретінде сынап үлгерді. 32 жастағы футболшы спорттық брендтерге арнап кроссовки шығарып, кейіннен жеке CR7 атты киімдер топтамасын (іш киім мен жейде) шығара бастады .

Жіберіп алмаңыз:

Ермахан Ыбырайымов әкесіне арнап ән жаздырып орындап, би биледі (видео)

Сондерс Головкинді ұлы боксшы деп атады

Қанат Ислам 2017 жылдың үздік спортшысы атанды

Спорттан шеттетілген Илья Ильин 2020 жылы Олимпиадаға қатысуы мүмкін

Талқылау