Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Криштиану Роналду сүйіктісімен некелесті

Португалдық «Ювентус» жұлдызы Криштиану Роналду сүйіктісімен некелесті.

Испандық модель Джорджина Родригес Роналдудың ұсынысын қабыл алды. Бүгінде ол қалыңдық көйлегін іздеуге кірісіп кетті.

Роналду мен Родригестің үйленетіні жайлы БАҚ-та 2018 жылғы чемпионатқа дейін де айтылып келді. Жұпты Ресейдегі чемпионаттан кейін үйленеді деп болжады.

2017 жылдың 12 қарашасында Родригес қыз босанып, есімін Алана Мартина деп қойды. 32 жастағы футболшының одан өзге тағы үш баласы бар. 7 жастағы ұлы кіші Криштиану мен 2017 жылы туған Ева мен Матео.

Бұрын Роналду  ресейлік модель Ирина Шейкпен кездесті. Олар 2015 жылдың қаңтар айында айырылысып кетті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау