Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Криштиану Роналду Гиннестің рекордтар кітабына енді

«Реал» командасының шабуылшысы Криштиану Роналду, «Арсенал» командасының қақпашысы Петр Чех, «Эвертон» командасының жартылай қорғаушысы Гарет Бэрри және Англия чемпионы «Лестер Сити» Гиннестің рекордтар кітабының жаңа басылымына енді.

820619

2017 жылғы Гиннестің рекордтар кітабына бірнеше спортшы енді деп хабарлайды, Guinness World Records.

Түрлі жетістіктері үшін мадридтік «Реал» шабуылшысы Криштиану Роналду, «Лестер» ағылшын футбол клубы, «Арсенал» қақпашысы Петр Чех, «Эвертон» жартылай қорғаушысы Гарет Бэрри, америкалық футболшы қыз – Карли Ллойд, теннисшілер – Новак Джокович пен Серена Уильямс, голландиялық автошабандоз Макс Ферстаппен марапатталды.

Роналду Twitter әлеуметтік желісіндегі ең танымал спортшы атанды. 2016 жылы 7 қазанда оның оқырмандары 47 млн. 262 мың 909 адамға жеткен.

Өткен маусымда «Лестер» өз тарихында алғаш рет Англия чемпионы атанды. Сонымен бірге, команда турнир кестесіндегі ең төменгі орыннан ең жоғары орынға көтерілуі рекордты нәтиже болып тіркелген. Алдыңғы маусымда «Лестер» 14-орында тұрған еді.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстан құрамасының футболшылары 20 мың доллардан алмақ

Василий Левит: Өзімді жұлдызбын деп есептемеймін

Қазақстандық Денис Ұланов Рио ойындарының қола жүлдегері атанды

Қуат Найман: Ешкім танымайтын “Алаш прайд” клубы менің арқамда танымал болды (видео)

Талқылау