Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлым Головкиннің быт-шытын шығарады – Крис Юбенк

26 жастағы британиялық боксшы кіші Крис Юбенк Генадий Головкинді жеңіп қана қоймай, оның денесін бөлшектеп тастамақ. Бұл туралы спортшының әкесі мәлімдеді.

0

“Небәрі 26 жастағы ұлымның аты дүркіреп тұр. Ол өзінің мүмкіндіктеріне дұрыс баға бере бастады. Егер ол шын мәнінде әлін бағамдай білсе, Головкиннің быт-шытын шығарары анық. Бұл менің әділ бағам. Ол оның денесін бөлшектеп тастайды. Қателеспесем 1997 жылы Джо Кальзагемен жұдырықтастым. Мен жаман емес, жақсы боксшы болдым. Бірақ менің бір соққыма ол төрт есе жауап қайтарған кезде не істерімді білмедім.

Мен әлем чемпионы болып тұрғанымда Джо Кальзаге мені 12 раундтың 11-інде жеңді. Қалай? Жылдамдықтың арқасында. Сен қарсыласыңның жылдамдығын бақылай алмайсың. Менің ұлым Головкиннен жеңілуі мүмкін емес. Мені сандырықтап тұр деп ойлап жатырсыздар ма? Егер менің бокстағы жетістіктерім туралы айтар болсам, сіздер сөзімнің растығына сенесіздер.

Головкин де өзгелер сияқты адам. Ол да менің ұлым секілді таңертең тұрып, тісін тазалап, дәретханаға барып, таңғы ас ішеді. Сондықтан менің ұлым оны сана-сезімінің, энергетикасының арқасында жеңе алады. Маған мұны өтірік деп айтып көріңіздер”, – дейді әкесі.

Крис Юбенк 2016 жылдың күз маусымында Головкинмен әбден жұдырықтасуы мүмкін. Британилық боксшы кәсіби бокста 22 рет жеңіске жетіп, біреуінде жеңілген.


Жіберіп алмаңыз:

Головкин мен Рамирестің жекпе-жегі биыл күзде өтуі мүмкін

Геннадий Головкинге Астанадан пәтер сыйға берілді

Головкин Алматыда өзін зарыға күткен екі науқас бүлдіршінмен кездесті (фото)

Геннадий Головкин интернет-дүкен ашты

Талқылау