Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Краснодарда жалаңаш әйел көше бойымен жүгірді (видео)

Ресейдің Краснодар қаласының полициясы орталық көшелердің бірінде жалаңаш жүрген әйелді іздестіріп жатыр. Ол көшеде адамдарға қарай жүгіріп тиіскен.

Безымянный

Бейнежазбада жалаңаш әйел өзін суретке түсіріп алмақ болған жігітке қарай тұра ұмтылады. «Таңертең ол сарафан киіп алып, есіктің алдындағы тепкішекте жаттығу жасады, биледі. Бір түрлі өзі», – дейді Дарья есімді куәлардың бірі.

Арада бірнеше сағат өткеннен кейін жүргіншілер полиция шақырды. Алайда, бұл кезде жалаңаш әйел кетіп қалған еді.

«Қаланың кезекші бөліміне бір әйелдің көшеде жалаңаш серуендеп жүргені жөнінде дабыл келіп түсті. Оқиға орнына барған полицейлер оны таппай қалды. Қазіргі таңда әйелдің аты-жөні анықталып жатыр», – деді құқық қорғау органындағылар.

Ресейде мұндай ұсақ бұзақылық жасаған адамға 1000 рубль көлемінде айып салынады немесе ол 15 тәулікке қамалады.

Талқылау