Кран суын үй жағдайында қалай тазартуға болады

Құрметті оқырмандар Stan.kz ақпараттық агенттігі краннан алынған суды үй жағдайында қалай тазартуға және қауіпсіз жасауға болатыны жайлы пайдалы кеңестер ұсынады.

Краннан алынған суды үй жағдайында қалай тазартуға болады

Негізінен, краннан аққан су қауіпсіз деп саналады, бірақ көбісі «сақтанғылары келіп», суға арналған қосымша сүзгілер орнатып немесе оны ішер алдында қайнатып жатады. Сіз ішетін сұйықтықтың қаншалықты қауіпсіз екені зертханалық тексеру арқылы ғана білуге болады. Алайда, сапасыз судың кейбір белгілерін қарапайым жолмен-ақ, иіс және дәмдік рецепторлардың арқасында анықтауға болады.

Краннан алынған судың несі жаман

Краннан су ішу қажетсіз, кейде тіпті қауіпті. Себебі, онда хлорлы қосылыстардың саны тым көп. Мөлшерге сәйкес, бір литр суға 0,5 мг-ға дейін хлор салынуы тиіс. Бұл көрсеткіш адамдар үшін қауіпсіз және сонымен бірге бактериялар мен микробтармен күресуде тиімді деп саналады.

Сондай-ақ, құбыр суы кәріз жүйесімен араласуы мүмкін. Ресейлік сумен жабдықтау және санитария қауымдастығының мәліметті бойынша, Ресейдегі сумен жабдықтау жүйесінің тозуы шамамен 58%-ды құрайды. Кәріз және су құбырлары бір-біріне жақын, бір қорапта орнатылған. Оның үстіне ол құбырлар шіріп кетуі мүмкін, сол себептен кранды ашқанда қоңыр су ағып жататын жағдайлар болады. Ал ол суды ішуге мүлдем болмайды.

Сонымен қатар, кран суының сапасы оның қаттылығына, кальций мен магний тұздары, сондай-ақ темір және басқа минералдардың қоспаларына байланысты.

Құбыр суын қандай жағдайда ішуге болмайды

– су тұнық болмаса;

– судың түсі жасыл, дақ секілді сарғыш немесе кез келген басқа түсті болса;

– егер алмастыратын кассетасы бар фильтр сарғайған болса (мүмкін, бұл құбырлардың ескіруіне және суға түскен тот және темірге байланысты);

– судың бір түрлі иісі болса;

– су тұнғаннан кейін үлкен тұнба пайда болса;

– судың жағымсыз дәмі болса ішуге болмайды.

Суды үй жағдайында қалай тазартуға болады

Ауыз суының сапасын үй жағдайында бірнеше тәсілмен жақсартуға болады:

– Тұндыру. Алдымен, краннан су алып, оны шыны ыдысқа құйып, алты-жеті сағатқа дейін тұндыру керек. Осы уақыттың ішінде ауыр металдардың қоспалары мен хлор қосылыстары судан ұшып кетеді.

– Сүзгілеу. Суды кез келген сүзгі арқылы өткізіңіз. Бұл алынбалы кассетасы бар сүзгі құмырасы, кранға арналған саптама және суық судың тіреушесі секілді сүзгі болуы мүмкін.

– Қайнату. Суды қайнату үшін электрлік емес, кәдімгі шайнекті пайдаланыңыз. Су баяу қайнағанымен, бірақ қақ әлдеқайда аз жиналады. Судың сапасын жақсарту үшін қарапайым жолмен қайнатудың өзі жеткілікті.

– Күміспен тазарту. Тіпті су құйылған шәугімдегі қарапайым күміс қасық оның қасиеттерін жақсарта алады.

– Белсендірілген көмірмен тазалау. Белсендірілген көмір түрлі сүзгілерде қолданылады. Су таза болу үшін көмірді 12 сағат бойы суда ұстау жеткілікті.

Қай елдерде краннан алынған суды ішуге болады және болмайды

Судың сапасы бүкіл су айналымы бойынша бақыланып тұратын көптеген елдер бар. Мысалы, Нидерландыда суға мүлдем хлор қосылмайды, Австрия немесе Швейцарияда ауыз судың шамамен 90 пайызы хлорсыз.

Финляндиядада суды тікелей краннан іше беруге болады. Мұнда ағын суды тазарту қондырғылары темір сульфатымен өңделеді, содан кейін ғана дезинфекцияға арналған озонмен тазартылады.

Сондай-ақ, Францияда да суды құмды сүзгілерден өткізіп, озонмен өңдейді. Содан кейін қайтадан озонмен және түйіршікті белсенді көмір сүзгілер арқылы тазартылады. Ал биліктегілер суды бәрінен де жақсы тазартатындарға салықтық жеңілдіктер береді.

Мысалы, Италияда суды тек краннан ғана емес, сондай-ақ, көшедегі субұрқақтардан да ішуге болады. Бұл елде судың сапасы үнемі тексеріліп отырады.

Ал Германияда су құбырларына ең жоғарғы стандарттар қолданылады. Тіпті, республика бойынша заманауи тазалау қондырғылары орнатылған.

Water.org коммерциялық емес ұйымы жыл сайын крандағы суды ішуге болмайтын елдердің тізімін жариялайды. Ол ақпарат бойынша, ең қауіпті үш елдің құрамына Ауғанстан, Эфиопия және Чад кіреді. Сонымен бірге, Гана, Руанда, Бангладеш, Камбоджа, Лаос, Үндістан және Гаити елдеріндегі жағдай да мәз емес.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.02.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар