Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҚР энергетика министрлігі: АИ-92 бензині 165 теңгеге қымбаттайды

Парламент сенатына келіп үш жылдық бюджетті таныстырған энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсылықов АИ-92 бензинінің бағасы қай жерге дейін көтерілетінін айтты.

Бұл туралы Zakon.kz жазады.

“Бүгінгі күнде нарыққа бензин тасымалдауды тұрақтандыру мақсатында ҚазМұнайГаз РФ нарығында тиісті көлемде сауда жасады. Әрине ол жақта баға әлдеқайда жоғары”, – деді ол.

Оның сөзінше шығын толықтай ақталмайды екен.

“Қазіргі кезде белгілі бір деңгейде бензин бағасы өсіп жатыр. Біздің болжамымыз бойынша баға 165 теңге деңгейінде тұрақталады”, – деді вице-министр.

17 қазан күні үкімет отырысында энергетика министрі Қанат Бозымбаев ішкі нарықта бағаны тұрақтандыру үшін қандай шаралар жасалып жатқанын баяндаған болатын.

“Біздің ойымызша орташа баға қазан айының ортасы мен қарашаның басы аралығында литріне 160-161 теңге көлемінде болуы тиіс”, – деді ол. Оның сөзінше Қазақстандағы бағаның өсуі әлдеқайда қымбат тұратын Ресейден бензин жеткізілуіне байланысты орын алған. Соған байланысты сатылым бағасы өсіп кеткен.

Қазіргі таңда жанармай бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин 157-158 теңгеден сатылып жатыр.

Елімізде бензин шырғалаңының басталғанына біраз болды. Осыған байланысты тіпті премьер-министр бензин тапшылығына байланысты жауапты шенеунікті қызметінен де босатқан. Ал Бозымбаев президенттен сөгіс алып тынған.

Оқи отырыңыз:

Елбасы бензин мен көмір мәселесін өз бақылауына алды

Елімізде бензин бағасы әлі өсіп жатыр

Торғай даласы енді көрші елдің полигон алаңына айналады

Назерке Әріпті өлтірді деген күдіктінің анасы оның қыздарға талай рет шабуылдағанын айтты

Талқылау