Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев қызметінен кетті

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев өз еркімен отставкаға кетуге өтініш берді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

photo_183885

Сурет primeminister.kz

Бұл қызметке Қайырбек Айтбайұлы ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 918 қаулысымен тағайындалған болатын.

Осының алданда ол 2004 жылдан ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Сауда және туристік қызметті реттеу жөніндегі комитеті төрағасы, 2006 жылғы мамырдан ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды.

2007 жылғы қыркүйектен 2011 жылғы мамыр айы аралығында ҚР Туризм және спорт министрлігінің вице-министрі, 2013 жылғы ақпан айынан ҚР Өңірлік даму бірінші вице-министрі лауазымдарында қызмет етті.

Талқылау