Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҚР Ұлттық банкі Қазақстанның валюта нарығындағы жағдайға қатысты түсініктеме берді

 ҚР Ұлттық банкі 2015 жылдың желтоқсан айындағы Қазақстанның валюта нарығындағы жағдайға қатысты түсініктеме берді.

улттык банк

ҚР Ұлттық банкінің ресми сайтында хабарланғандай, теңгенің айырбас бағамы негізінен әлемдік қаржылық, тауарлық нарықтардағы бағаның өзгеруіне және ішкі нарықта шетелдік валютаға сұранысқа байланысты айқындалатын факторлардың әсерімен қалыптасып отыр.

2014-2015 жылдары мұнай бағасының төмендеуі төлем теңгерімінің айтарлықтай нашарлауына және сәйкесінше ішкі валюталық нарықтағы теңгерімнің нашарлауына әкелді. 2015 жылдың желтоқсан айының басында Brent маркалы мұнай бағасының бір баррелі үшін 44,4 доллардан 37,8 долларға дейін немесе 15 пайызға төмендеуі айырбас бағамына қосымша қысым түсірді.

Ұлттық банк ішкі валюталық нарыққа теңгенің қысқамерзімдік ауытқуларын реттеу мақсатында қатысып отыр, бірақ бұл ретте ол шетелдік валютаға сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын анықтайтын іргелі факторлардың қызметіне кедергі келтірмейді.

Талқылау