Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҚР ҰҚК бірнеше терроризм актілерін жоспарлаған радикалды топтың 4 мүшесін ұстады

2016 жылғы 18 тамызда Алматы облысында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Қазақстан аумағында террористік актілер сериясын жоспарлаған радикалды топтың 4 мүшесін ұстау бойынша арнайы операция жүргізді.

photo_41684

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан және Қырғызстан азаматтары болып табылатын топқа қатысушы ұсталғандардан, олардың тұрған жерінде арнайы салынған құпия орыннан қолдан істелетін жарылғыш құрылғыларды дайындауға арналған құрауыштар, діни-экстремистік материалдар алынды.

Радикалдардың ҰҚК, полиция және әскери бөлімше қызметкерлеріне және олардың орналасқан орнына қарулы шабуыл жасау бойынша жоспары бейтараптандырылды. Келесі кезеңде олар адамдар көп жиналатын жерлерде террористік актілер жасауды ұйғарған.

Тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жалғастырылуда, олардың нәтижелері бойынша қосымша хабарланатын болады.

Талқылау