Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ыдырысов дипломатиялық қызметіндегі қызықты оқиғалармен бөлісті

ҚР Президенті жанындағы ОКК-де өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрі күлкілі оқиғалардың көп болғанын айтты

Ыдырысов дипломатиялық қызметіндегі қызықты оқиғалармен бөлісті

«Күлкілі оқиғалар өте көп болады. Мынадай бір қызықты жайт есімде. 2001 жылы Қазақстанға Рим папасы келді. Бұл зор мәртебе болды. Ол 5 күн болды және оның бағдарламасы да барынша тығыз еді. Рим папасы жастармен әңгімелескен өте жақсы көретін. Сондықтан да бағдарламада оның Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде сөз сөйлеуі жоспарланды.

Өзіміздің қазақы дәстүрімізге сай қарсы алдық, музыка ойналып, би биленді. Біздің қыздарымыз би билеп болғаннан кейін Рим папасына жақындап оның бетінен сүйді. Рим папасы дін көшбасшысы болғандықтан қолын ұсынуы қалыптасқан. Дегенмен, бұл жайт залда күлкі тудырды. Рим папасына қазақстандық қыздардың бұлай құрмет көрсетуі ұнады», – деді ол.

Сонымен қатар, министр ҚР Президентінің Израильге сапары барысында орын алған қызықты оқиғалардың бірін айтып берді.

«Біз әуежайдан шығып бара жатқан кезде израильдік күзетшілердің сөзін естіп қалдым. Олар қатты алаңдап, бір нәрсені қызу талқылап жатты. Мен олардан ақырын ғана не болып жатқанын сұрадым. Сөйтсем, қонақ үй алдына қолдарында транспарант бар бір топ адам жиналып қалыпты. Күзетшілер мен полиция қызметкерлері мұны біздің Президенттің келуіне байланысты қандай да бір шеру деп ойлапты. Біз қонақ үйге келдік. Анығын білсек, олар Қазақстанда дүниеге келген Израил азаматтары екен. Олар шамамен 300 немесе 500 адам болды. Барлығы да ҚР Президентін зор қошеметпен қарсы алып, Қазақстанда тұрған кезде көрген жақсылықтары үшін алғыстарын білдірді», – деді Е.Ыдырысов.

Талқылау