Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҚР СІМ Сауд Арабиясында террорға қатысты ұсталған 5 азаматтың 3-еуі қазақстандық екенін растады

СІМ Сауд Арабиясында террорға қатысы бар деп ұсталған бес азаматтың үшеуі Қазақстан азаматы екені аныалды. Қалған екі азаматқа қатысты Сауд Арабиясынан ешқандай мәлемет келмеген.

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов хабарлайды.

Сауд Арабиясында «Ислам мемлекетіне» кіруді жоспарлаған деген күдікпен 3 қазақстандық студенттер (бұған дейін 5 қазақстандық деп хабарланған) ұсталған болатын. Олардың Мединадағы Ислам университетінің студенттері екені анық болды.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыдан кейін оларға консулдық құқық көмегі көрсетілетін болады.

«Қалған екі азаматқа қатысты Сауд Арабиясынан ешқандай мәлемет алған жоқпыз. Бұл ақпарат қазіргі уақытта дипломатиялық арналар арқылы текеріліп жатыр», – деді Жайнақов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сауд Арабиясында Қазақстанның 5 азаматы террорға қатысы бар деп ұсталғаны жайлы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау