Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҚР президентінің баспасөз хатшысы тағайындалды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Айдос Үкібай ҚР президентінің баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды.

20160516194103

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Айдос Ыдырысұлы Үкібай Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы қызметіне;

Әділ Қапанұлы Тұрсынов Қазақстан Республикасы Президенті  Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды», – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, осыған дейін президенттің баспасөз хатшысы қызметін атқарған Дәурен Абаев Ақпарат және коммуникация министрі болып тағайындалған болатын.

Ал, Айдос Үкібай “Хабар” агенттігі” АҚ басшысы қызметін атқарды.

Талқылау