Назарбаев: Мұнайсыз да күн кешкенбіз

Дүйсенбі, 30 Қараша , 2015 11:34

 

Қазақстанның мұнайсыз да күн кешкен кездері болған. Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында осылай мәлімдеді.

президентттттттт

Сөз арасында Елбасы жаһандық дағдарыс мәселесіне тоқтала келе, оның тек қана қауіп-қатер ғана емес екенін, жаңа мүмкіндіктер де ұсынатынын атап өтті. Президенттің айтуынша, әлемдік масштабтағы компаниялардың басым бөлігі дағдарыс кезеңдерінде аса табыстылыққа қол жеткізген. Соңғы жүзжылдықтарда табысқа қол жеткізген барлық дерлік мемлекеттер де өз дамуын тақыр жерден бастаған.

«Біздің Қазақстанымыз да, естеріңізге алыңыздар, КСРО күйреу дәуірінде өмірге келді. Тәуелсіздігіміздің алғашқы онжылдығы ең қиын жылдар болды. Біз егер еске алсақ, мұнайсыз-ақ күн кешкенбіз. Тәуелсіз Қазақстан қашанда сыртқы экономикалық қатерлерден тыс дамып келді. Тоқсаныншы жылдардың басы біз үшін жайлы болды деп кім айта алады?»  – деді Н. Назарбаев.

Осыны айта келе, Елбасы ондай қиыншылықтар тез ұмытылып қалатынын, бұның жақсы қасиет екенін, дегенмен еске түсіруге тура келетінін айтты. «КСРО құлдырап біз соның жеке сынығы болып қалып, қайда баратынымызды, не істейтінімізді білмей, не қаражатсыз, не көмексіз қалған кезіміз де болды. Экономика тоқтап, ел жұмыссыз қалды. Зейнетақы төлейтін қаражат та болмады. Сондай, шынын айтқанда, ең қиын кездерді де бастан кешірдік. Тәуелсіздігімізді сақтап қалып, мемлекетті нығайттық. Ендеше, бізге бірігу арқылы алдағы қиыншылықты еңсеру де еш қиынғы түспейді»», – деді Н. Назарбаев.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
15.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар