ҚР Президенті Іс басқарушысының жаңа орынбасары тағайындалды

Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Қанат Бейбітұлы Шөкенов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Ақ Орданың баспасөз қызметіне сілтеп.

ҚР Президенті Іс басқарушысының жаңа орынбасары тағайындалды

Қанат Шөкенов 1981 жылы Целиноград қаласында дүниеге келген.  Ол Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының Ақмола филиалын заңгер мамандығы бойынша аяқтады.

Бүгінде Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметіне тағайындалған шенеунік Тұран-Астана университетiн қаржы бакалаврының академиялық дәрежесiмен тәмамдады. Сондай-ақ, ол Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде магистратура бойынша оқып шықты.

Еңбек жолын 2004 жылы Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi мен Үкiметiнiң әкiмшiлiк ғимараттары дирекциясының маманы болып бастады. 2008 және 2013 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасы ресми iс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлiмiнiң сарапшысы, сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді.

Ал, 2013 жылдың маусым айынан бастап 2017 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің басшысы болды.

Сонымен қатар, ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасарына тағайындалғанға дейін Ақмола облысы әкімінің аппаратында басшы болып қызмет атқарды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
17.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар