Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚР Президенті Іс басқармасы ауруханасының басшысы өмірден озды

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының медициналық орталығы ауруханасының директоры Әмір Амантайұлы Ахетов дүниеден озды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі, ҚР Президенті Іс басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Президенті Іс басқармасы ауруханасының басшысы өмірден озды

Мезгілсіз өмірден өткен біртуар тұлға, білікті дәрігермен қоштасу рәсімі 5 ақпан күні сағат 9: 30-да Алматы қаласының Орталық клиникалық ауруханасында өтеді.

ҚР Президенті Іс басқармасында қызмет еткен медицина ғылымдарының докторы Әмір Амантайұлы Ахетов 1969 жылы 10 қарашада Ақмола облысында дүниеге келген. Ол Мәскеудегі Пирогов медициналық институтында білім алып, Алматы мемлекеттік медицина институтын, сондай-ақ «Әділет» Жоғары заң мектебін тәмамдаған.

Өз ісіне шын берілген маман уақыт өте медицина ғылымдарының докторы дәрежесін алды, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі және Ресейдің жаратылыстану ғылымдары академиясының профессоры болды. Ал 2017 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның ғылым және техника саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

Білікті дәрігер қызметін медицина қызметкерінің барлық мансаптық сатысынан өте отырып, Алматы қаласында санитар болып жұмыс істеуден бастады. 10 жылдан астам уақыт бойы Президент Ісін басқару жүйесінде жұмыс істеді. Түрлі жылдарда «Алматы» және «Оқжетпес» санаторийлерін, Орталық клиникалық аурухананы, медициналық орталық ауруханасын басқарды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр