Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҚР Президенті: Әлеуметтік желілер – қоғамдық пікірталастар үшін маңызды алаң

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік желілер қоғамдық пікір қалыптастыруда, пікірталас жүргізуде ерекше маңызға ие деп санайды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Дәурен Абаев хабарлады. 10866373

«Жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан, Президент әлеуметтік желідегі жаңалықтардан хабардар болып отырады», – деп Абаев Ақорданың Фейсбуктағы ресми парақшасында жазды.

Бұған дейін ол, Ақорданың Фейсбуктағы аккуантына жазылғандар саны 10 мыңға жеткенін де хабарлаған болатын.

«Бздің жазбаларымызды үнемі оқып, оған пікір білдіріп, ұсыныс айтып жүретін барша оқырмандарымызға алғыс білдіреміз. Осындай кері байланыстың арқасында біздер жұмыс сапамызды жақсарта аламыз», – деп атап өтті баспасөз хатшысы.

Талқылау