Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президент әкімшілігінің басшылығынан кеткен Әділбек Жақсыбеков жаңа қызметке тағайындалды

Бүгін, 10 қыркүйекте, зейнеткерлік жасқа толуына байланысты мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен қызметінен босатылған Әділбек Жақсыбеков «Цесна» корпорациясының директорлар кеңесінің төрағалығына тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әділбек Жақсыбеков

«Цесна» корпорациясы» АҚ Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлының 2018 жылдың 10 қыркүйегінен бастап «Цесна» корпорациясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне сайланғанын хабарлайды», – делінде корпорацияның хабарламасында.

Айта кетсек, бүгін ҚР президенті әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков президент жарлығымен қызметінен босатылды. Оның орнына президенті әкімшілігінің басшысы қызметіне Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев келді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау