Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҚР-ның Бас прокуратурасы Мұхтар Әбілязовты франциялық газет арқылы тергеуге шақырды

ҚР Бас прокуратурасы қашқын олигарх Мұхтар Әбілязовты франциялық Le Figaro газетінің көмегімен жауап алу үшін тергеуге шақырды, деп жазады Stan.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеп.

ҚР-ның Бас прокуратурасы Мұхтар Әбілязовты франциялық газет арқылы тергеуге шақырды

Мұхтар Әбілязов Қазақстан Республикасынан тыс жерде жүргендіктен және алдын ала тергеу органына келуден жалтарғандықтан, оны елге шақырту туралы хабарлама өзі тұратын жердің БАҚ-да жарияланған.

«3 тамызда француздық Le Figaro басылымында Әбілязовқа 2018 жылдың 16 тамызында сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына айғақ беруге келсін деген хабарлама жарияланды», – делінген хабарламада.

Айта кетсек, бұған дейін 31 тамызда ҚР Бас прокуратурасы «БанкТұранӘлем» АҚ-ның бұрынғы басқарма басшысы Ержан Тәтішевті қасақана өлтіру дерегі бойынша тергеу амалдарына қатысу үшін Мұхтар Әблязовке ресми сайтта шақырту жариялаған болатын.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау