Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тасмағамбетов қайтыс болған әскерилердің туыстарына мемлекеттік наградалар табыс етті

Бүгін, Астанада ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов ағымдағы жылдың күзінде әскери міндетін орындау кезінде қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына мемлекеттік наградалар табыстады.

????????????????????????????????????

«Бүгін Елбасы – ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысының арнайы Жарлығымен Отаны мен халқы алдында өз борышын орындай отырып, батылдық танытып, опат болған сарбаздар марапатталады. Бұл есімдері мәңгі жадымызда қалатын айбынды әскери қызметшілерімізді құрметтеу белгісі. Мақсатымыз медальдарды табыстау ғана емес, сонымен бірге қайғыларыңызға ортақ болу болып табылады. Әрине, анасы мен әкесіне қаза болған ұлдарын ешбір марапат қайтара алмайды», – деді ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов.

????????????????????????????????????

Қаза болғаннан кейін ұлан қатарындағы  жауынгері Асылжан Махамбетов, ұлан қатарындағы жауынгері Замир Әділов, ұлан қатарындағы жауынгері Бауыржан Жолдыбай және ұлан қатардағы жауынгері Бағытжан Қалыбай «Ерлігі үшін» медальдарын иеленді.

медаль4

Естеріңізге сала кетсек, қайғылы оқиға Ақтауда 18 қыркүйекте «Орталық-2015»  оқу-жаттығуының  2-кезеңін өткізу кезінде орын алды. Оқу-жаттығу барысында 4 әскери қызметші суға батып кетті. Бүгінгі күні істі  тергеу әлі жалғасуда.

медаль1

Талқылау