Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҚР Қаржы вице-министрі Лена Кармазина қызметінен босады

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 19-шы қаңтардағы №18 қаулысына сәйкес, Кармазина Лена Мағауянқызы зейнет жасына толуына байланысты, ҚР Қаржы вице-министрі қызметінен босатылды.

2e215f42f0c99c703a352768768b846c

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлайды.

«ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 19-шы қаңтардағы №18 қаулысына сәйкес, Кармазина Лена Мағауянқызы зейнет жасына толуына байланысты, ҚР Қаржы вице-министрі қызметінен босатылды», деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Л.Кармазина 1952 жылы 21 қаңтарда бұрынғы Семей облысы Арқат ауылында туған.

Қаржы министрлігіде 1996 жылдан бері бюджеттік саясат және макроэкономикалық анализ бөлімінің бас қаржыгері қызметінен бастап бюджеттік саясат және жоспарлау департаменті директорының орынбасары қызметіне дейін әртүрлі қызмет атқарған. 2003 жылы сол кездегі Қазақстан Республикасы Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіндегі осы департаменттің директоры лауазамына тағайындалған. 2007 жылдың соңынан 2010 жылдың басына дейін ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің вице-министрі болған. 2010 жылдың наурызынан бері ҚР Қаржы вице-министрі лауазымын атқарған.

«Құрмет», «Парасат» ордендерінің иесі, ҚР Қаржы министрлігінің «Қаржы қызметінің үздігі» атты мерейтойлық төсбелгісімен марапатталған.

Талқылау