Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҚР Қаржы министрлігі Панама офшорларының тізіміндегі қазақстандықтардың аты-жөнін зерттеп жатыр

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бірқатар қазақстандықтардың аты-жөні табылған панама офшорларын зерттеп жатыр.

Оффшор-Панама_документы

Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі Жамбыл Сұрағанов мəлім етті.

“Біз панама офшорларынан хабардармыз, жұмыс істеп жатырмыз. Қазір сараптамалық жұмыс жүргізудеміз, мəліметтер базасы сəйкестендіріліп жатыр”,- деді журналистерге Жамбыл Сұрағанов.

Естеріңізге сала кетейік, “панама офшоры” деген атышулы тізімде Қазақстандағы шенеуніктердің, бизнесмендер мен өзге де тұлғалардың аты-жөндері жарқ еткен.

ICIJ халықаралық журналистік зерттеу консорциумы 9 мамыр күні Панамадағы Mossack Fonseca заң фирмасының əлемдегі 200 мың клиенті  туралы ақпаратты жария етті. Соның  ішінде Қазақстанның 8 заңды тұлғасы, 265 жеке тұлғасы, 7 делдал мен 243 мекенжай бар.


Оқи отырыңыз:

Панама офшорларының тізімінен министр Сағадиевтің де аты-жөні шықты

Мессидің отбасы футболшының «офшорлық ойындарға» қатысы жоқ екенін айтты

Әлемге әйгілі тұлғалар ақшасын қайда жасырғаны белгілі болды

Талқылау