Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҚР Қарулы күштерінің әскери қызметкері Алматыдағы оқу-жаттығу кезінде қаза тапты

ҚР Қарулы күштерінің әскери қызметкері парашютпен секіру кезінде қаза тапты деп хабарлайды ҚР қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі.

1846871

Фото: Нина Зотина

“Ұшақтан парашютпен секіру кезінде, келісімшарт бойынша әскери борышын өткеріп жүрген ефрейтор Е. Өзбеков көз жұмды”, — деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Аталмыш дерек бойынша қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр. Бейсенбі 23 наурыз күні қазақстандық десантшылар Алматыда екі километр биіктіктен секіріп, жаттығу жасап жатқан болатын.

Секіру техникасы бойынша, әскерилер парашютті ашпай, “тас” сияқты құлап, содан соң дер кезінде парашютпен қонуы тиіс еді. Яғни, десантшылар отыз секунд бойы сағатына 200 шақырым жылдамдықпен еркін құлаған.

Оқи отырыңыз:

Алматыда мас көлік жуушы қызметкер біреудің көлігін айдап кетіп, жол апатына түсті

Жасөспірімдер 4-қабаттан құлаған әйелге көмектесудің орнына күліп, оны телефонға түсірген

6 қылмыскер жасөспірімді тікелей эфирде зорлады

Қолтырауын цирк қызметкерінің басын жұлып тастай жаздады (видео)

Талқылау