Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Әлтаев Нұржан ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің ресми сайты  хабарлады.

Нұржан Бауыржанұлы Әлтаев 1978 жылы ОҚО-да дүниеге келген. 2004 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2012 жылы Академиялық инновациялық университетті тәмамдаған. Мамандығы – заңгер, экономист.

Еңбек жолын 2002 жылы бастады. 2005-2012 жылдары мемлекеттік органдарда әр түрлі қызметтер атқарған, ұлттық компанияларда жұмыс істеген. 2012-2017 жж. “Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын”, Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасын басқарды, “Атамекен” ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары болып істеген.

2017 жылғы қарашадан бастап осы уақытқа дейін ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарған.

Тағы оқыңыз:

Вице-министр мұғалімдер жалақысына үстеме қосу тәртібі қандай болатынын айтты

Вице-министр: Мұғалімдер смартфон арқылы баға қояды

WhatsApp жаңа функцияны іске қосты

1 килограмы 40 теңге: Қазақстандық және қытайлық ғалымдар картоптың жаңа түрін ойлап тапты

Министр: Хиджаб киетін қыздардың ата-аналары жеке мектеп ашуға құқылы

Талқылау