Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі тағайындалды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Мырзахметовті Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

20160506174023

“Асқар Исабекұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалсын”, – деп жазылған хабарламада.

Асқар Мырзахметов 2015 жылдың тамызынан бүгінгі күнге дейін «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Айта кетейік, 5 мамыр күні мемлекет басшысының төрағалығымен күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде кеңес өткен болатын. Жиында елбасы жер кодексінің бірқатар нормаларына 2017 жылға дейін мораторий жариялап, Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековке сөгіс жариялап, бүгін Асылжан Мамытбеков отставкаға кеткен болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков отставкаға кетті

 

Талқылау