Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көзіңіздің түсіне қарап мінезіңізді таныңыз (фото)

Бәріміз де «көз-адам жанының айнасы» дегенді естідік. Ол – жай ғана әдемі айтылған сөз емес, ғалымдар зерттеу жүргізіп, дәлелдер тапқан дүние.

көзііі

Ғалымдар адам көзіндегі қарашық айналасындағы түске қарап, оның мінезін анықтайды. Яғни көздегі түс мимен түйісіп тұр. Ол дегеніңіз сіздің мінез-құлқыңыз  жұмбақ болса, шешімін көзден оқуға болады деген сөз.

Stan.kz  ұсынған төмендегі түстерге қарап өзіңіздің, өзіңізге қызықты адамның мінезін тексеріп көріңіз.

Қара және қою қоңыр түсті көз.

көзііііііііі

Қара және қою қоңыр түсті көздер сирек кездеседі. Көзінің түсі осындай адамдар- тумасынан көшбасшылыққа дайын болады. Қара көзді адамдардың мінезі жібектей жағымды келеді. Сіз кез-келген адаммен ортақ тіл табыса аласыз. Әрі келісімге келуге дайын адамсыз. Айналаңыздағылар сізге көптеп сенім артады, уәдесінде тұратын адам деп таниды. Сіз сезімталсыз, тез әрі орынды шешім қабылдай аласыз.

Көк көз

к-к-к-з
Көзі көк адамдар өте тартымдылар қатарына жатады. Cіз жаңашылдыққа әуессіз. Үнемі ізденісте жүресіз. Бірақ, жаңа ортадағыларға сенімге қарағанда күдігіңіз басым тұрады. Сіз тіпті өз жақыныңызға оңайлықпен ашылмайсыз. Адамды әбден тексергеннен кейін барып сенесіз. Көп жағдайда жаныңыздағы адамдарға күдікпен қарайсыз.

Көкшіл сұр көздер

с9р

Көкшіл сұр түсті көз- сирек кездеседі. Көзіңіздің түсі ашық көк әрі сұрлау болса сіз өте ақылды адамдардың қатарына жатасыз. Әрі мұндай адамдар өте сабырлы әрі нәзік жанды келеді. Сіз жаңа танысқан адамдармен бірден араласып кете алмайсыз. Дегенмен өз жақындарыңызды қатты сыйлайсыз әрі сый-құрмет көрсетуде алдыңызға жан салмайсыз.

Жасыл әрі ашық қоңыр аралас түсті көз

аралас

Мұндай түсті көздер өте сирек әрі екерше тартымды болады. Онда көздің қарашығының айналасы ашық қоңыр, сәл ары жасыл түсті  болады. Мұндай көзді адамдар- өздеріне сенімді, тәуелсіз әрі ойламаған жерден бағытын өзгертіп, батыл шешімдер қабылдайды. Сіз тәуекелшілсіз. Әрі өміріңізді кез –келген тұстан мүлде басқа арнаға өзгертуге де батылыңыз жетеді.

Ашық қоңыр түсті көз

қоңыр
Дүние жүзі бойынша басқа түстерге қарағанда қой көзді адамдар көп екен. Айналаңыздағылар сізге үлкен құрметпен қарайды. Сіз сенімді әрі мінезі жұмсақ жансыз. Сіз жаңашылдыққа бейімсіз. Яғни жаңа дүниені тез меңгеріп алуға қабілеттісіз. Сіз үйлесімділікті бірден байқайсыз. Әрі өз қиялыңыз киіну стилі мен безендіру,сәндеуге ерекше ерік береді. Сұлулықты басқа қырынан көре аласыз. Әрі үйлестіру,ойлап табу сынды жұмыстарда жақсы нәтижелер көрсете аласыз.

Жасыл көз

жасыл
Ең сирек кездесетін түс. Жасыл көзді адамдар- өте жұмбақ әрі еліктіргіш келеді. Сіз өз ойыңызды жүзеге асырудың жолдары мен тетіктерін ерекше сезесіз. Сіз шығармашылықта көптеген сәттіліктер мен жеңістерге жете аласыз. Өз еркіңізбен әрі өз көңіл-күйіңізбен жүретін адамсыз. Айналаңыздағылар сізге қатысты жоспарын көп жағдайда жүзеге асыра алмайды. Себебі сіз өзіңізге қатысты дүниені өз қалауыңызбен ғана шешетін адамсыз.

Оқи отырыңыз:

Жедел жәрдем дәрігері науқастардың кесірінен бірнеше рет өмірімен қоштаса жаздаған

Қызылордада облыс әкімінің орынбасары сөйлеген кезде артындағы баннерді студенттер тіреп тұрды (фото)

Қызылордада жаназа мен ас беруді тамада басқарып,камераға түсіру сәнге айналған

Алматы тұрғыны такси жүргізушісінің адам шошырлық қылығын айтып берді

Елдің таңдайын қақтырған 3 жасар Ерасыл қалай цирк әртісіне айналды? (фото, видео)

Қалыңдықтың көйлегі-2500 доллар: Шымкенттегі биылғы той трендтері (фото)

 

 

Талқылау