Көзі нашарлап, аяқ-қолы тырысып қалады: Өскеменде диабетпен ауыратын жасөспірім мүгедектігін дәлелдей алмай жүр

Мүгедектігін дәлелдей алмай жүр. Өскеменде қант диабетіне шалдыққан жасөспірім 16-ға толғасын ойламаған қиындықтарға тап болған. Дәрігерлер оған 9 жасында тағайындалған мүгедектікті алып тастап, соның кесірінен ол жәрдемақыдан да, тегін берілетін дәрі-дәрмектен де қағылған. Ал анасы баласының қанындағы қант мөлшерінің көбейіп бара жатқанына алаңдаулы. Салдарынан көзі нашарлап, аяқ-қолдары тырысып қалатынды шығарыпты. 

Көзі нашарлап, аяқ-қолы тырысып қалады: Өскеменде диабетпен ауыратын жасөспірім мүгедектігін дәлілдей алмай жүр

18 жастағы Максимнің қант диабетімен алысып келе жатқанына талай жыл болған. Осы дертке шалдықан оған 9 жасында мүгедектік беріліп, жәрдемақы тағайындалған. Содан бері анцет, глюкометр, инсулин сияты препараттардың оның өмірінің ажырамас бөлігіне айналған. Ас-мәзірінің өзі бөлек әңгіме. Қуырылған, майлы тамақ жеуге мүлдем болмайды, деп хабарлайды «Еуразия бірінші арнасы».

Максимнің қанындағы қант мөлшері - 13,5. Ал дені сау адамда бұл көрсеткіш екі есе аз болуы тиіс. Осылай бола тұрса да, 16 жаста толғаннан кейін оған тағайынындалған мүгедектікті алып тастапты. Тиісінше, жәрдемақыдан да қағылған. Анасының осыған іші удай ашиды. 

«Егер адамда қол-аяғы жоқ не кемістік болса, құлағы дұрыс естімей, көзі көрмесе мүгедектік жайлы анықтама береді. Ал менің жүрегімнің ауыратыны – оның қант диабетінің көрсеткіші күн санап өсіп келеді. Тіпті, көз нашарлап, аяғы тырысып қалады. Осындай диагноздарға қармастан оның мүгедектігін алып тастады», - дейді Максимнің анасы Надежда Краснова.

Жәрдемақыдан қағылған отбасының айлығы шайлығына жетпейді. Олар Надежданың ара-тұра табатын ақшасы мен 8 мың теңге алиментке күнелтуде. Келіншек тыныс жолының демікпесімен ауыратындықтан, толыққанды жұмыс та істей алмауда. Екі баласымен бірге 51 мың теңгеге өмір сүруде. Жан басына шаққанда айына 17 мыңнан айналады. Бірақ, мұндай кірісі бар отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілмейді екен. 

«Қазіргі таңда отбасының айлық табысы жан басына шаққанда - 17 мың теңге. Яғни ол кедейшіліктің ең төменгі деңгейінен сәл жоғары. Бүгінде ол 14 849 теңгені құрап отыр. Сондықтан да оған әлеуметтік көмек көрсету мүмкін емес. Десе де оның құжаттарын қабылдап алдық. Комиссияның шешіміне сәйкес, оған көмек ретінде 100 мың теңге беріледі», - дейді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы орынбасары Камшат Баубекова.

Алайда, қант диабетіне шалдыққан жеткіншекке көрсетілетін бұл уақытша көмек алдағы екі-үш айға ғана жетеді. Ал одан кейін не істейміз деп анасы қамығып отыр. 16 жасқа дейін Максимге мүгедектегі үшін беріліп келген 27 мың жәрдемақы әжептәуір көмек болыпты. Енді сол жәрдемақыны қайта алу үшін Максимге қайта тексеруден өтіп, комиссяяға құжаттарын тапсыруға кеңес берген. 

11-сыныптағы Максим қазір денсаулығына байланысты үй жағдайында білім алуда. Алайда, қант диабетіне шалдығып, ресми тіркеуде тұрған балалар балабақшаға да, мектепке де баруы тиіс. Алайда, мұндай диагнозбен оларды көп ешкім қабылдағысы келмейді екен. 

«Мұндай балаларды не балабақша, мектеп қабылдамауға тырысады. Біріншіден қорқады! Екіншіден оған қалай көмек көрсетілу керектігін басқа емес, мектептегі дәрігерлердің өзі де білмейді. Сол себепті, мұндай оқушылардан ат-тонын ала қашады», - дейді Қазақстан қант диабеті қауымдастығының мүшесі Лариса Клостер.

Мамандардың айтуынша, қант диабетінің жыл санап балалар арасында кеңінен етек жайып келеді. Бірақ, білім жүйесінде мұндай науқас жандарға ешқандай жағдай жасалмаған дейді олар. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр