Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қожа рөлін сомдаған актер Баян Алагөзованің фильміне қатысты: Мынау деген масқара ғой

Ащы да болса бүгінгінің шындығы осы! Қазір, халық идеологияға бағытталған дүниелерден көрі, жеңіл-әзіл мен арзан идеяға құрылған киноларды көп көреді. Неге?

Бұл туралы Евразия арнасы хабарлайды.

«Бұл бір күнде болған дүние емес! Бұл ұзақ уақыт бойы телеарналарда осындай жеңіл желпі әзілдерге құрылған бағдарламалар! Сосын өте көп әншілерге, жалпы мына эстрадаларға, содан кейін жеңіл- желпі әзілге дейді ғой, соның бәріне басымдық беру! Және сол жанрлардың өкілдерін көбірек дәріптеу! Содан кейін квн дейміз!» – дейді киносыншы Назира Рахманқызы.

Екіншіден! Бізде, қоғамға ой, миға салмақ салар туындыларды дәріптеу жағы ақсап тұр! Мойындау керек! Қазір, кез-келген кинотетрға барыңызшы, әуелі комедия жанрындағы фильмдерге аншлаг! Әрине, комедия деуге келсе оларды.

«Комедия жанры бұл өзі бір терең жанр! Сол комедия жанрын бұл кісілер сол жайдақ ат секілді,жайдақ атқа айналдырып жіберді де! Бейнелі түрде айтатын болсақ сәйгүлікті ертоқымсыз жайдақ атқа айналдырып жіберді. Бұл жерде сол комедия түсірем деп жүрген қыз жігіттердің комедия жанрын тек товар ретінде қарау! Оны тек ақшаның көзі ретінде қарау!» – дейді киносыншы Назира Рахманқызы.

«Біздің кино нарықта қазір көрсең, жағаңды ұстайтын туындылар бар! Тіпті, аттарының өзі ерсі. Мысалы Сиситай, Менің миымды жемеңдер деген сияқты! Мынау деген масқара ғой! Өкінішке орай бұл кинолар профессионалдық тұрғыда түсірілген дүниелер емес! Мағына жоқ, жүйе жоқ! Бір бос жатқан бірдеңе!» – дейді кинодраматург Нұрлан Санжар.

Бірақ, соған қарамастан халық әлгі туындыларды көріп жатыр! Жоқ, дұрысы көрсетіп жатырмыз! Себеп-айқын! Бизнес бар жерде патриотизмге орын қайдан болсын?

«Оның себебі барлығы жекеменшік! Ал енді жекеменшік болғаннан кейін бұл таза бизнес! Ал, олар халықты жинау үшін әрине олар көбірек Америка фильмдерін, жарнамасы өте жақсы жүрген фильмдерді. Көбіне жаңа блокбастер, былайша айтқанда сол фильмдерді көрсетіп, халықты жинау әлдеқайда тиімді! Өйткені, оның бәрі қаржымен байланысты!» – дейді киносыншы Назира Рахманқызы.

 

Талқылау