Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көз жұмған әйелдің ағзасы науқас әйелдің өмірін құтқарып, балалы болуына себепші болды

Әйел жүкті кезінде ағзасын донорлыққа алған адамның туыстарына алғыс хат жазды.

Екі жыл бұрын Элли Лэйсидің бауыр жеткіліксіздігі ауруы бары анықталды. Оған жақында қайтыс болған әйелдің бауыры салынды. Марқұм әйел өлер алдында донор болатынын айтқан.

 

2018 жылы Лэйси жүкті екенін білді. Сондықтан өзіне донор болған әйелдің отбасына алғысын айтты.

“Жүкті екенімді білген соң 7 айдан соң бұл отбасына алғыс хат жаздым. Донор әйелдің маған өмір сыйлап, өмір бойына із қалдырғанын, маған батыр адам ретінде қалғанын айттым”, – дейді Лэйси.

Әйел бастапқыда бауырын ауыстырғандықтан баланы өмірге әкелуге жүрексінеді.

“Мен өлім аузында қалсам да өзі үшін емес, донорым үшін де өмір сүруге талпынам деп уәде бердім”, – дейді ол.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау