Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көз тартарлық суретті қалай түсіру керек?

Жақсы сурет шығару тек суретшіге емес түсіретін нысанаға тікелей байланысты»,- деп бастайды суретші Боб Холмс  (Bob Holmes) өзінің кеңесін.

күшті6

Бұл туралы bigpicture.ru сайты жазған.

Бобтың  жұмысына қарап отырып оның ерекше стиль ойлап тапқанын байқауға болады.

Белгілі суретшінің еңбегіне қарап оның талантына шүбә келтірмеңіз, себебі кәсіби мамандардың өзі оны бірнеше рет мойындаған. Ол үш мәрте  «Жылдың  үздік фотосаяхатшысы» атағын жеңіп алған.

Бұл материалда белгілі суретші  суретке түсірудің негізгі ережелері мен қажетті ескертпелерді айтып өтеді. Осының арқасында кез-келген суретші жақсы фото шығара алады екен.

күшті

Камерамен жұмыс істей білу негізгі қажеттілік.  Сіз нысананы көздеген кезде кадрдан басқа ештеңеге алаңдамауыңыз керек.

Алдымен кадрдың компазициясын  жоспарлап алыңыз: онда негізгі деталь міндетті түрде  болуы керек, ол суретке мағына беріп тұруы шарт.

күшті3

Кейде ең көп таралған әдіс бойынша суретке түсірген абзал. Алайда көп жағдайда ондай суреттер қызықсыз болып шығады. Өз суретіңізді ерекше әрі қызықты етуге тырысыңыз.

Кадрға алдымен жақсылап қарап алу керек. Оған абайсызда қатыссыз, немесе керек емес дүние кіріп кетсе ол сіздің басты қателігіңіз.

күшті2күшті5

Әр затты суретке түсірер алдында көз тартарлық түстер мен геометриялық формаларды таңдап алыңыз.

Суретке түсіретін нысанаңыздың өзіңізді еліктіруіне жол беріңіз. Жүз пайызға ойыңызды жинап алып, содан кейін барып түсіру түймесін басыңыз.

күшті4

Суретке түсіру сәтін ұстау үшін біраз уақытыңызды жұмсауға үнемі дайын болыңыз.

 

 

 

Талқылау