Көз көруін сақтау және көз күтіміне арналған кеңестер

Сәрсенбі, 2 Қараша , 2016 23:37

Көз көруіндегі жайсыздық пен көздің шаршауы көпшілігімізге белгілі. Ол егде жастағы адамдарға да, жастарға да қатысты. Әсіресе, жұмысы компьютермен байланысты адамдар мұны жақсы түсінеді. Көз көруін қалай сақтауға болады?

зрение0611

Көзіңізді күтімі мен көптеген аурудың дамуына тосқауыл қоюға арналған бірнеше әдіс бар.

Көзіңізді тынықтырыңыз

Еңбек гигенанасының өз маңызы бар. Көзіңіз көп шаршамауы үшін, көз бен экран арасындағы арақашықтық 50-60 см-ден кем болмауы тиіс. Жұмыс бөлмесіндегі шам тым жарық та, күңгірт те болмауы керек. Жұмыс техникасын таза ұстап, тым болмағанда, аптасына 1 рет шаңын сүртіп отырыңыз. Тек мониторды емес, пернетақтаны да сүртуді естен шығармаңыз.

Компьютермен жұмыс жасаған кезде, ең болмаса, бірнеше минут басқа жаққа назар аударыңыз. Мысалы, терезенің арғы жағындағы көріністі тамашалауыңызға болады. Сонымен қатар көзге арналған 5 минуттық жаттығуларды тұрақты түрде жасап жүргейсіз. Әрине, мүмкіндігінше таза ауада жиі демалғаныңыз дұрыс. Физикалық белсенділік бүкіл организміңіздегі, тіпті көздегі тамырлардағы қан айналымының жақсаруына ықпал етеді. Ал көлікте кітап оқуды әдетке айналдырсаңыз, доғарғаныңыз жөн. Үнемі селкілдеудің салдарынан көру бұлшықетіне шамадан тыс күш түседі. Ал одан көзіңіздің көруі жақсармасы анық.

«Дәмді» алдын алу шаралары

Көз көру үшін ең маңызды зат – А дәрумені. Ол сары және ашық қазғылт сары жемістер мен көкөністердің (асқабақ, сәбіз, бұрыш, апельсин, құрма) құрамында кездеседі. Сонымен қатар түс ажырату қабілетін жақсартатын балдың құрамында да бар. Көздегі қан тамырларға өрік жақсы әсерін тигізеді. Ал сусындардан қаймақ қосылған сәбіз шырыны – пайдалы.

Қызылшаның да көз көруіне пайдасы мол. Қызылша шырынының екі ас қасық мөлшерін сәбіз шырынына қосып, тұрақты түрде ішкеніңіз дұрыс. Оған қоса антиоксиданттарға бай қаражидектің де көз үшін пайдасы зор. Ақузыды өнімдерге тоқталсақ, сүзбе, пісірілген балық, сиыр, қоян, күркетауық еттері алмастырғысыз. Дәнді дақылдар, жарма (әсіресе, қарақұмық), орамжапырақ пен банан – жүйке импульсінің таралуы мен көз іші қысымын қалыпты ұстау үшін қажетті В тобы дәрумендеріне бай. Сонымен қатар С дәруменінің көзідері де көз көруі үшін оң ықпал етеді, себебі аскорбин қышқылы көз қан тамырлары қабырғаларын нығайтып, көздің қанмен қамтамасыз етілуін жақсартып, көз бұлшықеттеріне түсер күшті төмендетеді.

Көз күтімі

Бүгінде көз көруін нығайтуға арналған арнайы дәруменді-минералды кешендер мен биологиялық белсенді қоспалардың көмегінсіз көз көруін күту мүмкін емес. Оларды жылына екі рет қабылдаған жөн: көктемде және күзде. Көзді қорғауға арналған тамшы түріндегі дәрі-дірмектер де бар.

Олар, әсіресе, компьютер алдында көп жұмыс жасайтын, шылым шегетін, жанаспалы линза қолданатын адамдарға және әйелдерге етеккір үзілісі кезінде керек. Құрамына дәрумендер мен минералдар кіретін, қан айналымы мен зат алмасуын жақсартатын ылғалдандыратын дәрі-дәрмектер көз көруіндегі жайсыздықтан арылтып қоймайды. Оған қоса құрғақ көз синдромы, блефарит, көз қарығуы, көз мөлдір қабығының қабынуы сынды шырышты қабық құрғауымен байланысты аурулардан көзді қорғайды. Және шырышты қабықтың қалпына келуіне көмектеседі. Сондықтан көз мөлдір қабығының қабынуының алғашқы кезеңінде, дистрофияда тиімді болуы мүмкін. Қызметі көзге көп күш түсумен байланысты адамдарға, орта жасқа жетпеген жандарға оларды тұрақты түрде қолдану пайдалы.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
03.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар