Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көз алдымда өліп кете жаздады: Петропавлда анасы комаға түскен ұлын жалғыз өзі күтуде

Петропавлда 28 жастағы жігітке көмек керек. Роман Буйко жол апатына ұшырап, артынша комаға түскен. Оны ауруханадан вегетативтік күйде шығарыпты. Ендігі оған анасы күтім көрсетіп отыр, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Петропавлда анасы комаға түскеннен кейін қабілетсіз болып қалған 28 жастағы ұлын жалғыз өзі күтуде

Өткен жылдың қараша айының соңында автобус жеңіл көлікке соғылған. Оқиғаға қатысты тергеу әлі жүргізіліп жатыр. Алайда алдын ала болжам бойынша, апатқа көлікті тізгіндеген жүргізуші кінәлі болуы мүмкін. Ол Романның әріптесі екен. Ал Романның өзі 40 күн комада жатқаннан кейін ауруханадан шығарылды. Дәрігерлер анасына ештеңе түсіндірмеген. Үйде анықталғандай, жігіттің аяқ-қолы сынғаны екен. Алайда оған гипс салынбапты. Жігіт өздігінен тамақтана алмайды және үнемі тұншығып қалады. Себебі өкпесіне жиналып қалған суды шығару керек.

Бастапқыда ол анасының көз алдында өліп кете жаздапты.

«Ұлым тұншығып қалды. Денесінде түтік тұр. Алайда менде аппарат жоқ. Енді мен не істеймін? Түтік арқылы аузыммен өкпесінде суды сорып шығардым», – дейді Ирина Буйко.

Әйелдің айтуынша, ай сайын тек дәрі үшін 200 мың теңгенің шамасында ақша қажет. Сонымен қатар мейірбикеге қызметі үшін ақша төлеуі керек. Иринаның мұндай ақшасы жоқ. Ол тазалықшы болып жұмыс істеген. Алайда ұлын күту үшін жұмысынан шығып кетіпті. Ал күйеуі бір жыл бұрын қайтыс болған. Оның тағы бір ұлы бар. Оның өзінің қолында екі мүгедек баласы бар екен.

«Ол маған қарайды. Кейде күлген сияқты көрінеді. Аздап су беремін. Себебі бірден көп ішуге болмайды», – дейді жігіттің анасы.

Телеарна мәліметінше, денсаулық сақтау басқармасындағылар бастапқыда оқиғаға қатысты пікір білдірмек болған, артынша айнып қалыпты.

Ал Ирина дәрігерлер кей дәрілерді болсын тегін беріп, мейірбикені тағайындайды деп үміттенеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау